«Мың алғыс» қайырымдылық шарасы биыл бесінші рет өтеді

«Мың алғыс» қайырымдылық шарасы биыл бесінші рет өтеді
Сурет: Qazaqstan.tv

1 наурыз - Алғыс айту күні. 

Осы күнге орай  Қазақ радиосы тікелей эфирде 10 сағат бойы радиомарафон өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
«Мың алғыс» қайырымдылық шарасы биыл бесінші рет ұйымдастырылмақ.

Жалпы, төрт жылдың ішінде «Мың алғыс» хабары мен қайырылымдылық радиомарафоны аясында мұқтаж жандарға 255 103 826 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

1 наурыз күні сағат 9:00-19:00 аралығында өтетін «Мың алғыс» радиомарафонына жақсылық жасап, алғысқа бөленген кейіпкерлер мен ерекше кәсіп иелері, құтқарушылар, спорт саңлақтары мен өнерпаздар, тұрақты радиотыңдармандар қатысады.