Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды
almaty-akshamy.kz

Алматыда коронавирус жұқтырған 1565 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

10 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 326 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 315, симптомсыз 11 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 25, келіп түскені – 99. «Инфекциялық стационарларда 1 565 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 61 бала емделуде», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 150 адам жатыр. Ал 29 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 79 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 28 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 297 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 3 167 науқас. 130 адамда коронавирус белгілері жоқ.