Месси қайда барады?

Месси қайда барады?
almaty-akshamy.kz

Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының бас бапкері Кристоф Галтье команданың 3 маусымдағы «Клермонға» қарсы кездесуі белгілі футболшы Лионель Мессидің соңғы ойыны болатынын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Еuronews-ке сілтеме жасап.

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси франциялық «Пари Сен-Жермен» футбол клубынан биылғы маусым аяқталғаннан кейін кетеді.

«Мен үшін футбол тарихындағы әлемнің үздік ойыншысына бапкерлік жасау - үлкен мәртебе», - деді париждік клубтың бас бапкері баспасөз мәслихатында.

«Ол әрқашан команда үшін жұмыс істеді. Әрдайым ойында болды. Әріптесіне пас берді немесе гол соқты. Қайталап айта кетейін, бұл мен үшін тек бапкерлік жасау ғана емес маусымның барлық кезеңінде қасында жүргенімді үлкен мәртебе деп бағалаймын», - деді Галтье.

«Пари Сен-Жермен» 3 маусымда Парижде Франция чемпионатының қорытынды турында «Клермонға» қарсы ойнайды. Париждік клуб алдын ала ел чемпионы атанып үлгерді.

Месси команда сапына 2021 жылы еркін агент құқығы бойынша қосылған еді. «Клермонға» қарсы ойын ол үшін ПСЖ сапындағы соңғы кездесу болады.