Мемлекеттік Ту қалай әзірленеді және оның күтімі қандай?

Мемлекеттік Ту қалай әзірленеді және оның күтімі қандай?
Сурет: ашық дереккөз

Елорданың ең үлкен туы жылына 3 рет ауыстырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz мәліметі бойынша, байрақ Атамекен этно-мемориалдық кешенінің аумағында орналасқан. Оның көлемі – 450 шаршы метр. Мемлекеттік рәміз мұнда 14 жыл бұрын қойылған. Оны Астананың кез келген жерінен көруге болады. Ал енді осы елдің ең үлкен символының күтімі қандай? Бұл көк байрақтың салмағы 90 келідей. Мамандардың айтуынша, жалаудың әр бұрышы әбден өлшеніп, барлық талап қатаң сақталған. Ту жақын күндері елорда аспанында желбірейді. Ерлан Сатжанов бірнеше жылдан бері мемлекеттік рәміздердің күтімімен айналысады. Осы жылдар ішінде ол бұл істің қыр-сырын біліп, озық әдістерін меңгерген.

- Тудың матасы 100% полиэфирной мата дейді. Өлшемі – 15х30. Бізде арнайы аппарат бар, мөрмен басып шығарылады. Сол матаға бастырылып, біздің цехта тігіледі, дейді күтім жасау компаниясының директоры Ерлан Сатжанов.

Сарыарқаның ауа райы тұрақсыз болғандықтан, Туды күтіп ұстаудың да өз машақаты бар. Оны сыртынан күн құрғатпай үнемі бақылап отыру қажет. Синоптиктердің де болжамына жиі құлақ асу керек. Желді күндері туды тұғырынан төмен түсіруге тура келеді.

- Синоптиктерден қарап отырамыз желдің бағытын. Желдің бағыты көтеріле бастағанда, біз оны үсіреміз. Сосын жауын-шашында түсіреміз. Себебі мата өте ауыр, жыртылып қалады. Жыртылып қалған жағдайда қалпына келтіруге жібереміз. Ту әрқашан көтереліп тұрады, түсірмеуге тырысамыз. Табиға жел-жауын шашын болып кетпесе, -дейді күтім жасау компаниясының директоры Ерлан Сатжанов.

Қазір мекеме қызметкерлері мемлекеттік рәміздер күніне қызу дайындықты бастап кетті. Ертең дәстүр бойынша Астананың басты Туы 111 метр жоғарыға көтеріліп, мерекелік эстафета елдің басқа қалаларына жолданады.