Мемлекеттік сатып алуға қатысты өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік сатып алуға қатысты өзгерістер енгізілді
Сурет: интернеттен

Айыппұл көлемі 10-нан 3 пайызға дейін төмендеді.

Бүгінгі күні мәжілісте “Мемлекеттік сатып алу туралы” жаңа Заң жобасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Енді тапсырыс берушілер орындаушыға қызмет ақысының 30 пайызын алдын-ала төлеуге міндетті.

Сондай-ақ кәсіпкерлер қамтамасыз ету түрлерінен босатылады. Келісімшартты орындай алмаған жағдайда салынатын айыппұл көлемі 10-нан 3 пайызға дейін төмендеді. Жаңа ереже ұлттық компанияларда жарияланатын сатып алуларға да қатысты. Бұл жайлы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеген болатын.