Казиноға барып құрып кетпеңіз

Казиноға барып құрып кетпеңіз
Сурет: интернеттен

Мемлекеттік қызметшіге казиноға баруға бола ма? Бұл сұраққа Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев жауап берді.

Төраға мемлекеттік қызметшілердің казино мен құмар ойындарды ойнауына қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Агенттіктің көзқарасы бойынша, біз мемлекеттік қызметшілердің казиноға баруына тыйым (қарсылық) салып жатырмыз. Бұл норманы (заңға) әдеп жағынан енгіздік. Әрі қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі заңға байланысты жұмыстар жүргізіп жатыр. Осы жұмыстар жүргізілген соң нақты ақпарат беріледі", - деп мәлімдеді Дархан Жазықбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлер мен әскери мамандарға ойынханаларға баруға тыйым салынады. Жарлыққа енгізілген өзгерістер "Ашық НҚА" сайтында жарияланған болатын.

Құжат 28 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.