Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа басшы тағайындалды
Сурет: Рrimeminister.kz

Ол - ҚР Қаржы вице-министрі қызметінен босатылған Данияр Жаналинов.

Қаржы министрінің бұйрығымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР Қаржы вице-министрі қызметінен босатылып, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген.

Мамандығы - инженер-экономист.

Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастаған.

2002-2008 жж. Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2008-2010 жж. - Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.

2010-2014 жж. - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметте болған.

2014-2018 жж. - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.