Мемлекеттік функцияларға жауапты адамдардың көлеңкелі кірісін анықтау тетіктері күшейтілді

Мемлекеттік функцияларға жауапты адамдардың көлеңкелі кірісін анықтау тетіктері күшейтілді
сурет:egemen.kz

Заң жобасы 11 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 кодекс пен 8 заңға түзетулерді қамтып отыр.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл құжат заңнаманы одан әрі жетілдіру және халықаралық озық стандарттар негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын енгізу арқылы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Заң жобасы 11 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 кодекс пен 8 заңға түзетулерді қамтып отыр.

Заң жобасының негізгі міндеттері - мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдардың негізсіз баюын бақылаудың алдын алу шаралары арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды тиісінше қорғауды, оның ішінде олардың еңбек құқықтарына нұқсан келмеуіне және берілген ақпараттың құпиялылығына кепілдік беру арқылы қамтамасыз ету.