Мемлекетке 500 млн теңгеге жуық зиян келтірген топ әшкереленді

Мемлекетке 500 млн теңгеге жуық зиян келтірген топ әшкереленді
Сурет: Іnform.kz

Төленбеген салықтар камералық бақылау және салықтық тексеру аясында барлық контрагенттен өндіріледі.

ҚМА 2020-2021 жылдар аралығында көлеңкелі экономика саласында ауыр қылмыстар жасаған бір топ тұлғаны анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Азамат Хан В.В. басқарған қылмыстық топ клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату мақсатында бақылаудағы 7 заңды тұлғаның контрагенттеріне жалған шот-фактуралар жазып берген. Олар осы әрекеттерімен мемлекетке 490 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде зиян келтірді.

Ведомствоның мәлімдеуінше, сот басты айыпталушы Хан Виталий Васильевичті 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан екі адамды шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Үш айыпталушыға да ұзақ мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді, оның ішінде шот-фактураларды беруге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.