Мемлекет партиялардың жұмысына қанша қаржы жұмсап отыр?

Мемлекет партиялардың жұмысына қанша қаржы жұмсап отыр?
Сурет: Semeynews.kz

Шамамен жалпы бүкіл партияларға 8 млрд теңгедей бөлінеді.

 ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сенат отырысынан кейін мемлекеттің Мәжілістегі партиялардың жұмысына қанша қаржы жұмсап отырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БАҚ өкілі министрден Amanat партиясының жұмысына бюджеттен қанша қаржы бөлінетінін сұрады.

«Amanat партиясына ғана емес, Мәжілісте басқа да партиялар отыр ғой. Заңмен белгіленген есебі бар. Сол есептің негізінде аталған партиялардың қаржысы айқындалады. Сомасы шамамен жалпы бүкіл партияларға 8 млрд теңгедей. Қаражат үш партияға республикалық бджеттен бөлінеді», - деді Ерұлан Жамаубаев.