Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі қаңтар-қазанда 5%-ға өсті

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі қаңтар-қазанда 5%-ға өсті
Сурет: Ardonit.by

Қаңтар-қазанда 32 880 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталған.

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі қаңтар-қазанда 5%-ға өсті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚазТаг ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл мәліметті Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросынан алған.

«Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 2022 жылдың қаңтар-қазанында 4,5 трлн теңгені құрады, бұл 2021 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 5% -ға жоғары», - делінген хабарламада.

2022 жылдың қаңтар-қазанында жұмыстар көлемінің басым бөлігі тұрғын үй құрылысында орындалған – 813 млрд. теңге және өнеркәсіптік ғимараттар құрылысында – 811 млрд. теңге  инженерлік құрылыстарда – 791 млрд, теңге, автомагистраль, көше және жол саласында –  668 млрд. теңге. 

Статистикалық ақпарға сәйкес, қаңтар-қазанда 32 880 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталған, оның 31 231-і тұруға арналған және 1649-ы тұруға арналмаған. Оның ішінде 48 жалпы білім беретін мектеп, 31 мектепке дейінгі ұйым, 3 аурухана және 14 амбулаторлық-емханалық мекеме пайдалануға берілген.