Мемлекет басшысының Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі бастамалары қисынды әрі уақтылы болды

Мемлекет басшысының Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі бастамалары қисынды әрі уақтылы болды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алдағы референдумға жауапкершілікпен қарау өте маңызды

Бұл ортақ пікірге «Қамқор» әлеуметтік тұрғын үй» қызметкерлері конституциялық реформаны түсіндіру кездесуінде келді. AMANAT партиясының республикалық штабының мүшесі, Мәжіліс депутаты Бекқали Торғаев және Алматы қалалық партия штабының жетекшісі Мейіржан Отыншиев қала тұрғындарының назарын «Жаңа Қазақстанның» басты бағыттарына, оның ішінде теңдік пен әділдікке аударды.

Түсіндіру барысында мәжілісмен Бекқали Торғаев дауыс беру ережелеріне жеке тоқталды. Мәселен, алдағы 2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда дауыс беруге арналған бюллетеньде бір ғана сұраққа жауаптың екі нұсқасы болады: Сіз Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба? «Иә» - қабылдаймын, «Жоқ» - қабылдамаймын.

«Біз осы жерде және жалпы қала бойынша кездесулерді барлық 33 түзетуді түсіндіру үшін өткізудеміз. Жұмыс тобы құрылды, өзгерістер жобасын Конституциялық Кеңестің өзі қарады. Әр түзету талданды. Сондықтан алдағы референдумға жауапкершілікпен қарау өте маңызды, өйткені ол біздің мемлекетімізге демократиялық жолға тұруға мүмкіндік береді»,-деп атап өтті өз сөзінде депутат Б.Торғаев.

Кездесуге қатысушылардың айтуынша, қоғам конституциялық өзгерістерді, әсіресе олардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге мұқтаж.

«Біз өскелең ұрпақтың игілігі үшін ел Конституциясына ұсынылған түзетулерді қолдауға дайынбыз!»- деп атап өтті олар.

«Қаңтардағы оқиғалар қазақстандықтарды Конституцияға жаһандық түзетулер енгізуінсіз елді толыққанды реформалау мүмкін еместігін нақты түсінуге итермеледі. Сондықтан, 5 маусымда халықтың қолдауы үшін ұсынылған конституциялық өзгерістер топтамасы шындыққа айналуы және елдің саяси-құқықтық күн тәртібін түбегейлі өзгертуі тиіс», - деп түйіндеді М.Отыншиев.