Мемлекет басшысы Путинді Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Путинді Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
akorda.kz

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ресей Президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.

Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.