Мерекелік безендіру бойынша конкурстың күші жойылды

Мерекелік безендіру бойынша конкурстың күші жойылды
gov.kz

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы жалпы сомасы 985 156 250 теңгені құрайтын, ауданды мерекелік безендіру бойынша үш жылдық конкурстың күшін жойды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

 Оған бір жылдан астам мерзімге шарт жасасу негіздерінің толық тізбесі көзделген Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының бұзылуы негіз болды.

Тапсырыс берушіге шартты орындау мерзімін ұлғайту қаржылық тұрақтылық көрсеткішіне негізделген әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектеген.

Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігінің конкурсының күші жойылып, конкурсты 1 қаржы жылына жариялау талаптарына сәйкестендірілді.

Кәсіпкерлік кедергіні жою кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтті.