Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында Қазақстан Президенті ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.