Мемлекет басшысы қаңтар айының басында республикалық басылымдардың біріне сұхбат береді

Мемлекет басшысы қаңтар айының басында республикалық басылымдардың біріне сұхбат береді
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айының басында республикалық басылымдардың біріне сұхбат береді.

Биыл Мемлекет басшысының бұқаралық ақпарат құралдарында 3 мақаласы жарық көрді. Сонымен қатар, отандық және шетелдік тілшілерге берген бірнеше сұхбаты шықты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

 - Қасым-Жомарт Кемелұлы шет мемлекеттердің басшыларымен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша 8 брифинг өткізді. Бұған қоса жыл басынан бері шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарына 4 рет, соның ішінде соңғы екі айда «Известия» басылымына және Еuronews телеарнасына сұхбат берді, деді ҚР Президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли.