Мемлекет басшысы «Атамекен» өнер ордасына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі ең үлкен «Атамекен» мәдениет сарайына барды. Өнер ордасы 920 адамға арналған. Президент мұнда өңірдің тарихи-шығармашылық мұраларына арналған көрмені тамашалады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Президент өңір белсенділерімен пікір алмасты. Ол бүгін аймақтың тыныс-тіршілігімен танысып жүргенін айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Батыс Қазақстанды еліміздің дамуы үшін маңызды аймақ деп атап өтті.
Облыстың әлеуеті зор. Елімізде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Осындай кезеңде біз үшін ең құнды нәрсе – бейбітшілік. Осы жолда бәріміз бір ел болып еңбек етсек, ешқандай кедергі болмайды. Бірлігіміз бекем болса, тосқауылдың бәрін еңсереміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы кездесуге қатысқан ғалымдарға, жастарға, еңбек адамдарына қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар Президенттік жастар кадрлық резерві әлеуметтік лифт ретінде жұмыс істей бастағанын атап өтті.