Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне жеделхат жолдады
Сурет: Akorda.kz

Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министріне көңіл айтты. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.