Головкин Альвареспен үшінші рет жекпе-жекке шықпақ

Головкин Альвареспен үшінші рет жекпе-жекке шықпақ
Сурет: Championat.com

Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегаста өтеді. 

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлеуметтік желіде мексикалық Сауль Канело Альвареспен үшінші жекпе-жегіне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұған дейін боксшылар 2017 және 2018 жылдары кездескен еді. Бірінші жекпе-жекте олар тең түсті, ал екіншісінде Альварес жеңіске жетті.

«Жаттығу лагерінің жартысы өтті. Әрі қарай жұмысты жалғастырамыз», - деп жазды боксшы Instagram желісінде.