2023 жылы Алматы бюджетіне шетелдік туристерден 2 млрд теңгеден аса жарна түседі

2023 жылы Алматы бюджетіне шетелдік туристерден 2 млрд теңгеден аса жарна түседі Сурет: Ашық дереккөз

Былтыр шетелдік туристер саны 2,8 есеге өсті


Алматы мәслихаты қаладағы шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекітті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Алматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров өз баяндамасында қалалардағы, аудандардағы жатақханаларды, қонақ үйлерді, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін туристік жарна алынатынын және оған тұру құны кірмейтінін айтты.



«Операторлар (қонақ үйлер) жарна алуды жүзеге асырады, олар шетелдіктерді алынатын туристік жарна туралы хабардар етеді, есепке алады және жергілікті бюджетке аударады. ҚР бюджет кодексіне сәйкес шетелдіктер үшін туристік жарна мемлекеттік бюджетке салықтық емес түсімдер болып табылады»,- деді ол.



Қала әкімінің орынбасары шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін есептеу өткен күнтізбелік жылдың статистикалық деректері негізінде жүргізілетінін атап өтті.



«Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шетелдік туристер саны жиырма пайыз және одан көп болған жағдайда болу құнының 5 (бес) пайызы көлемінде мөлшерлеме қолданылады. Орналастыру орындарында шетелдік туристердің саны азайған жағдайда шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесінің көлемі түзетіледі»,- деді Әлішер Әбдіқадыров.



2021 жылдың алты айында Алматыда қызмет көрсетілген шетелдік туристер саны 54 мыңнан асты. Былтыр шетелдік туристер саны 2,8 есеге, яғни яғни 97 мың адамға өсті.



«2023 жылы шетелдік туристердің саны 400 мың адамнан асады деп болжануда және туристік жарнадан түсетін ақша қаражатының болжамды мөлшері – 2 млрд 342 млн теңге. Туристік жарнадан түскен қаражат жергілікті бюджеттен туризмді дамытуға бағытталатын болады»,- деді ол.



Бұған дейін 2023 жылдан бастап Алматыға келген шетелдіктерден туристік жарна алынатыны туралы жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46

11:37

11:02

10:47

10:37

10:34

09:49

09:32

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14