Мектеп оқушылары осы жылы қазақ тілінен емтихан тапсырады

Мектеп оқушылары осы жылы қазақ тілінен емтихан тапсырады
Сурет: ашық дереккөз

Мектеп оқушылары осы жылы қазақ тілінен емтихан тапсырады Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Тестілеу жазбаша және ауызша түрде өтеді. Тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу секілді дағдылар бағаланады. Емтихан тапсырмаларын мұғалімдер өздері дайындайды. 5-8, 10-сыныптардағы жылдық баға емтихан және жылдық бағалау нәтижелері бойынша қойылады.

Тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тест кімдерге қажет:

магистратура мен докторантураға түсетін студенттерге;

мемлекеттік қызметтің «А» органының кадр резервіне енгізілген қызметкерлерге (жоғарғы кадрлық құрам);

«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерге;

ҰҚК академиясына түсуге өтініш білдірген студенттерге;

«Назарбаев Зияткерлік мектебінің» мұғалімдеріне.