Бүгін - темекіден бас тартатын күн

Бүгін - темекіден бас тартатын күн
Сурет: Facebook

Қарашаның үшінші бейсенбісінде бірқатар батыс елдерінде Темекіден бас тарту күні атап өтіледі

Денсаулыққа өте зиянды әрі еш пайдасы жоқ бұл әдеттен арылу үшін арнайы бір күнді күтудің қажет жоқ болар. Десе де бұл датаны Американың онкологиялық қауымдастығы 1977 жылы белгілеген. Бұл туралы деректер Calend.ru сайтында келтірілген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша: әлемде өкпе қатерлі ісігінің өлімінің 90%-ы, созылмалы бронхиттің 75% -ы және жүректің ишемиялық ауруының 25% — ы темекі шегу салдарынан болатын көрінеді; әлемде әр он секунд сайын бір темекі шегуші қайтыс болады (және бір өкініштісі, бұл деңгей жыл сайын артып отыр).

Темекіден бас тарту халықаралық күнінің мақсаты - темекіге тәуелділікті азайтуға ықпал ету, шылым тартумен күресте халықтың барлық санатын және барлық мамандықтағы дәрігерлерді тарту, табак өнімдерін тұтынудың алдын алу және оның денсаулыққа зиянды әсері жөнінде хабардар ету. 

Сауалнама жүргізілген адамдардың 47%-ы темекі шегуді зиянды әдет деп санасы, 38%-ы оны тәуелділік деп санаған, 9 %-ы оны жазылмайтын ауру десе, респонденттердің қалған 6 %-ы өздерінің шылым тартуға қатысты нақты ойларын анықтай алмаған. 

Респонденттердің 12% — ы темекіні тастау оңай, 56% — ы қиын деп санайды, 4% - ы мүмкін емес деп санайды, 28% - ы бұл туралы ойланып та көрмепті. Сонымен бірге, респонденттердің 21% - ы темекіні тастауға тырысқан, бірақ бұл ойлары сәтсіз аяқталса керек. Респонденттердің 30% - ы темекі шегуден бас тартуға көмек көрсету орталықтарының бар екенін білсе, 70% - ы бұл туралы хабарлары жоқ.

Айта кететіні, темекі шегудің денсаулыққа зияны туралы жақсы хабардар бола тұра, адамдардың аз ғана бөлігі никотинге тәуелділіктен арылуға тырысады екен. Адам темекіні тұтырнудың денсаулыққа тигізетін зиянның зардабын түсінбейді немесе ауру оны айналып өтеді деп ойлайды, болмаса темекі шегу әдетінің күштілігі соншалық, одан арылуға мүмкіндік жоқ деп санайды.

Сондықтан, темекі шегуден бас тарту күні аясында көптеген елдерде Денсаулық сақтау мекемелерінің белсенділері мен өкілдері халықты никотиннің зияны және темекі шегуден бас тарту тәсілдері туралы ақпараттандыруға арналған түрлі ағартушылық, қайырымдылық және басқа да іс-шаралар өткізеді.