Алматылық жастар кинокөрсетілім ұйымдастырды

Алматылық жастар кинокөрсетілім ұйымдастырды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының, Түрксіб ауданы әкімдігінің қолдауымен биыл 6 шілдеде қаламыздың жастар ресурстық орталығы Қазақстан Республикасының елорда күніне орай "Cinema Youth" кинокөрсетілімін өткізеді.

Қазақстан Республикасының Астана күні мерекесіне орай жастар үшін кинокештер ұйымдастырылады. Балаларға отандық режиссер Руслан Акунның "Оff-line каникулдары" фильмін таза ауада Шолохов-Щербаков көшелерінің қиылысы мекенжайы бойынша С.Сейфуллин атындағы саябақта көру ұсынылады. Фильмде өз ісін бастауға шешім қабылдаған үш дос туралы айтылады. Жастарға қалалық балаларға арналған этно-лагерь ашу идеясы келді, онда олар ауылдағы ұлттық дәстүрлер мен өмір туралы білім ала алады.

Кинокөрсетілім басталар алдында көрермендерге республикамыздың астанасы, оның Тәуелсіздік жылдарында қалыптасуы және еліміздің бас қаласы сәулетінің әсемдігі туралы қызықты роликтер көрсетіледі. Кинокөрсетілімнің соңында жастар өз әсерлерімен бөліседі. Іс-шара санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада өтеді.

Өтетін күні: 6 шілде 2021 жыл;

Өтетін уақыты: 21: 00;

Өтетін орны: С. Сейфуллин атындағы саябақ (Шолохов-Щербаков көшелерінің қиылысы);

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы,

Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры;