Мектеп оқулықтарының 79%-ы цифрлық форматқа ауыстырылды

Мектеп оқулықтарының 79%-ы цифрлық форматқа ауыстырылды
Сурет: Zhaikpress.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл кітаптардың мемлекеттік сараптамадан өткенін айтты. 

Оны әзірлеуге еліміздің 11 баспасы қатысты. Оқулықтарды қолданысқа енгізуге қажетті арнайы әдістемелік ұсыныстар да даяр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

- 2024 жылы барлық оқулықтың цифрлық нұсқасы дайын болады, - деді ол. Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында бұл кітаптарға виртуалды зертханалар мен ойын элементтері енгізіледі.

«Пәндерді электронды оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз ету 2024 жылға жоспарланған. Педагогтар үшін электронды оқулықтарды тиімді пайдалану әдістемелері әзірленіп, оқыту жұмыстары басталды. Электронды оқулықтармен қатар, мектептерде қосымша мультимедиялық контенті бар білім беру ресрустары қолданылады», - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев.