Мексикада әуе шары өртеніп, ерлі-зайыптылар қаза болды

Мексикада әуе шары өртеніп, ерлі-зайыптылар қаза болды
сурет:smotrim.ru

Қайғылы оқиға салдарынан ерлі-зайыптылардың қызы зардап шекті.

Мексиканың Мехико штатындағы Сан-Хуан-Теотиуакан археологиялық орнында әуе шары өртеніп, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ria.ru сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға салдарынан ерлі-зайыптылардың қызы зардап шекті.

Мехико қаласында тұратын 39 жастағы әйел мен 50 жастағы ер адам қыздарымен бірге әуе шарына мінген. Әуе шары өртене бастағанда, 13 жасар қыз бала шардан секіріп үлгерген. Өкінішке қарай ата-анасы қаза болды. Зардап шеккен қыздың беті мен аяқ-қолдарын бірінші және екінші дәрежелі күйік шалып, оң жақ иық сүйегі сыныған. Оны Ахапуско атындағы ауруханаға жеткізген.