Мексикада әлемдегі ең үлкен сэндвич пісірілді

Мексикада әлемдегі ең үлкен сэндвич пісірілді
Сурет: ашық дереккөз

Мексикада 100-ге жуық аспаз әлемдегі ең үлкен сэндвичті дайындап шықты, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Тағамның ұзындығы 75 метр. Былтыр 74 метрлік сэндвич пісірілген болатын. Мехикода өткен іс-шараға қатысқандар дәмді тағамнан ауыз тиді. Аспаздардың 30-ы шетелден келген. Қазір Гиннес кітабы аталған жетістікті әлемдік рекорд ретінде тіркеуді қарастырып жатыр.