Мегаполисті дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда

Мегаполисті дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда
Сурет: dsnews.ua

Тұрақты мониторинг жүргізілуде

Қазіргі уақытта Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлесіп ірі жанармай құю станцияларының желілеріне үш қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарынан (Павлодар, Атырау, Шымкент) дизельдік отынның үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуде көмек көрсетуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы көтерме жеткізушілермен бірлесіп, тұрғындарды қажетті көлемде дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесін пысықтауда. Дүрбелеңді болдырмау мақсатында мұнай базалары мен жанармай құю бекеттеріндегі дизельдік отынның келісім-шарттық көлемдерінің қорларына тұрақты мониторинг жүргізілуде, жол бойында дизельдік отынмен қамтамасыз етуде іркілістерді болдырмау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен келісу орнатылған. Мегаполисті дизельдік отынмен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда.

Айта кетсек, қалада тұтыну көлемінің өсуі басқа аймақтардан келетін ауыр транзиттік көлік иелерінің дизельдік отынға сұранысының артуына байланысты.
  
Анықтама:

Алматыда 220 жанармай құю бекеті жұмыс істейді, оның 80 пайызы алты ірі желіге (ҚазМұнайгаз, Гелиос, Royal Petrol, Sinooil, PetrolAsia, Газпромнефть) тиесілі.