Мегаполистер мен облыс басшылары тиісті әкім тағайындалғанға дейін өз қызметінде қалады

Мегаполистер мен облыс басшылары тиісті әкім тағайындалғанға дейін өз қызметінде қалады
Сурет: Egemen.kz

Мемлекет басшысы Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген Жарлықта.