Жетісу облысында республикалық маңызы бар бірнеше жол жабылды

Жетісу облысында республикалық маңызы бар бірнеше жол жабылды
Сурет: Inform.kz

Жетісу облысында күн райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«26 қарашада сағат 14:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, шектеулі көріну) «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолында (9-184 шақырымдары, Көктұма-Достық), республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» автожолында («Көлбай ауылы-Абай облысының шекарасы», 485-615 км), республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолында (45-68 км, Алтын Емел асуы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Жетісу облыстық ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін SMS хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда қажет болуы мүмкін барлық заттарды бірге алып жүру керектігін еске салады.