Медеу ауданының әкімі тұрғындармен кездесті

Медеу ауданының әкімі тұрғындармен кездесті
Сурет: Әкімдік

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин тұрғындардың бірнеше мекенжайына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Аралау барысында Обсерватория көшесінде тұратын тұрғындардың жағдайы зерттелді. Сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдерімен, полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге Алматы қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын өзгерту және жеке меншік үй құрылыстарын салуға СЖТ беру мәселелері талқыланды. 

Сондай-ақ, аудан әкімі Пушкин-Құрманғазы мекен-жайында тұратын тұрғындармен кездесті. Кездесуге осы ауданда бизнесі бар кәсіпкерлер де қатысты. Олармен тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша түсіндірме әңгіме жүргізілді. Бұған дейін тұрғындар кәсіпкерлердің өз аулаларында қалдырған қоқыстарына шағымданды. Бизнесмендерге қоқыс контейнерлерін орнату тапсырмасы берілді. Олар пәтер иелерімен қоқыс контейнерлерін орнату орны туралы алдын ала келісуі тиіс.

«Ракса» дүкенінің жұмысына қатысты тұрғындардан көптеген шағымдар келіп түсті, атап айтқанда ауланың аумағында салынған гараждарға шағымданды. Ғимараттар заңсыз екені белгілі болды. Дүкен өкілдерімен осы заңсыз құрылыстарды бұзу туралы әңгіме жүргізілді. Бұл жұмыстар Медеу ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімімен бірлесіп жүргізіледі»,-делінген хабарламада.