Медеу ауданында инженерлік желілердің құрылысы 11 есеге артады

Медеу ауданында инженерлік желілердің құрылысы 11 есеге артады
Сурет: ашық дереккөз

Былтыр Медеу ауданында 5,4 км сумен қамту және кәріз желілері салынып, қайта жаңартылды. 2023 жылы жұмыстар көлемі едәуір ұлғайып, 64,7 км су құбыры және кәріз желісін салу жоспарланған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев есеп беру кездесуінде хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

 «2014 жылы Медеу ауданына Алматы облысы Талғар ауданының аумағы қосылған соң, шағынаудандардың тұрғындарын сапалы сумен және кәрізбен қамту қажеттілігі туындады. Жыл соңына дейін "Көлсай", "Кеңсай", "Сұлусай", "Компот", "Мұзтау" шағынаудандарының және Халиуллин көшесінің 19 мыңнан астам тұрғыны сапалы сумен және кәріз жүйесімен қамтылады», - деді қала әкімі Ерболат Досаев есеп беру кездесуінде.

Бұған қоса, "Думан" шағынауданында 14 км су құбыры мен кәріз желісін салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.