Медеу ауданында бөлшек сауда көлемі екі есе өсті

Медеу ауданында бөлшек сауда көлемі екі есе өсті
Сурет: ашық дереккөз

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Медеу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы көңіл көншітті. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Бөлшек сауда көлемі 2 есеге жуық өсіп, 1,1 трлн. теңгеге жетті. 237 млрд. теңге инвестиция тартылып, 19%-ға өсті. Медеу ауданында жоғары инвестициялық және іскерлік белсенділік 7673 мың жұмыс орнын, оның ішінде 4121 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, салық түсімін 42,1%-ға, атап айтқанда, 984 млрд.теңгеге дейін арттыруға жол ашты.