Маймыл шешегі вирусы бүкіл әлемде тарап жатыр

Маймыл шешегі вирусы бүкіл әлемде тарап жатыр
Сурет: Qazaqtv.com

Соңғы аптада маймыл шешегін жұқтырушылар саны 20%-ке артты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, инфекция жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Еуропа елдерінде және Америка құрама штаттарында тіркелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта 92 ел мен аумақтан маймыл шешегін жұқтырудың 35 мыңнан астам оқиғасы анықталған. Мамандар бұл вирус тек жақын қарым-қатынаста ғана емес, науқаспен байланыс кезінде ауа тамшылары арқылы да жұғатынын айтады. Шешек ауруы ең көп таралған елдерде вакциналау науқаны жүруде, бірақ көбінде препарат тапшылығы сезіліп отыр.