Сегіз мыңнан астам жас алматылық 36 секция мен үйірмеге тегін қатысады

Сегіз мыңнан астам жас алматылық 36 секция мен үйірмеге тегін қатысады Сурет: Aqmeshit-zhastary.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы спорт басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Онжан мәлімдеді.


Спикер жастарды салауатты өмір салтына тарту мақсатында Алматының сегіз ауданында 100 бос уақыт орталығы қызмет көрсететіндігін, онда 8 мыңнан астам адамды қамтитын тегін негіздегі 36 спорт секциясы мен үйірме жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Жобаның мақсаты – 6 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін бұқаралық қолжетімді спортты дамыту, олар кейіннен кәсіби спортқа көшуге мүмкіндік алады. Аталған бағдарламаға қатысушылардың 60-тан астам болашағы бар балалары ЖСМ-ге қабылданды», - деді Бекжан Онжан.



Қаламен барлығы спорттың ойын түрлері бойынша тоғыз спорт клубы қаржыландырылады, олардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының ұлттық құрамалары үшін негіз болып табылады. Олардың ішінде: «Буревестник Алматы» волейбол клубы, «Алматы» қыздар волейбол клубы, «Алматы» баскетбол клубы, «Айсұлу» әйелдер хоккей клубы, «Алматы» хоккей клубы, «Азия Спорт» ҚҚ регби клубы, «Алматы» гандбол клубы, «Қайрат» ФК, «Қайрат» футзал академиясы.


Президенттің жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды орындау мақсатында кәсіби спорт клубтарын бұқаралық спортқа қайта бөле отырып, оларды күтіп ұстауға арналған қаржы шығыстары қысқартылды.


Сондай-ақ, Бекжан Онжан Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасының құрама командаларына спорт резервін дайындау туралы айтып берді. 13 мыңнан астам спортшы үшін 78 спорт түрі бойынша дайындық жүріп жатыр.


Республиканың ұлттық құрамасына 906 алматылық спортшы кіреді, оның ішінде: негізгі құрам – 135 спортшы, жастар құрамы – 375 спортшы, жасөспірімдер құрамы – 396 спортшы.


Сөзін жалғастыра отырып, Бекжан Онжан спорт қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабарлады.



«Президенттің мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыру туралы тапсырмасын орындау аясында 2020 жылы республикалық бюджеттен 257,9 млн теңге, 2021 жылы 50%-ға көтеру үшін 578,9 млн теңге бөлінді. Спорт саласында 809 маман қосымша ақы алды», - деп қорытындылады спикер.



Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарламалары және материалдарымен бөлісу кезінде ӨКҚ-ға сілтеме жасау міндетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03