Марк Цукерберг шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

Марк Цукерберг шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды
Сурет: Astanatv.kz

Оның айқыш байламы үзіліп, ота жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Цукербергтің айтуынша, ол келесі жылдың басында өтуге тиіс, бірақ енді кейінге шегерілетін ММА жекпе-жегіне дайындалған.

"Спарринг кезінде айқыш байламы жыртылды. Оны ауыстыру операциясынан шықтым", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Бұған дейін миллиардер планетаның ең бай адамы Илон Маскпен жұдырықтасады деп күтілген еді. Кейін Цукерберг Маскпен жекпе-жектен Твиттер басшысының "жеңілдігіне" байланысты бас тартты.