«АрселорМитал Теміртау» бұдан былай отандық инвесторға тиесілі болады

«АрселорМитал Теміртау»  бұдан былай отандық инвесторға тиесілі болады
Сурет: Ашық дереккөз

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «АрселорМитал Теміртауды» Қазақстанның инвесторы сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазір біз компанияның атын атай алмаймыз, бірақ кәсіпорынды нарықтық бағамен отандық инвестор сатып алады», деді Роман Скляр.

Ол бірінші кезекте оның өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Инвестициялар көлемі бір миллиард доллардан асады», деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда түнгі сағат 02:33-те Қарағанды ​​облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.