Қазақстандық жас өнерпаздар халықаралық байқауда топ жарды

Қазақстандық жас өнерпаздар халықаралық байқауда топ жарды
Сурет: 24.kz

Қазақстандық жас өнерпаздар Дубайда өткен "Джумейра Саундз" ("Jumeirah Sounds") халықаралық байқауына қатысып, топ жарды.

Сайыста 6 елден келген талантты музыканттар бақ сынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Атап өтетіні, бұл конкурс дәстүрлі түрде ұйымдастырылады, биыл жетінші мәрте өтуі. Jumeirah Sounds - әлемнің жас музыканттарының көркемдік қабілеттері мен музыкаға деген құштарлығын, дарынын анықтайтын байқау. 

 «Байсейітова мектебінен ансамбль скрипачей гран при алды. Биылғы конкурста біз қуанып отырмыз Индиядан келген қыз бала гран при алды. Керемет ойнады, скрипкашы. Академический вокалдан гран при алды. Сондай бізде мақтаныштар бар», - дейді Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, байқауды ұйымдастырушы Раиса Мұсақожаева.

 Отандық музыканттар өткен жылдары Қытай, Израиль, АҚШ және Ресейден келген қатысушылармен бақ сынасқан болатын. Бұл жолы Қазақстанмен бірге Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан мен Үндістаннан келген 60-тан астам өнерпаз қатысты. Жалпы, музыкалық байқау вокалдық және аспаптық орындау, театр өнері, бейнелеу өнері, би сияқты әр түрлі жанрда өтті. Байқаудың қазылар алқасы – әлемнің әр түкпірінен келген әйгілі музыканттар мен вокалистер, мәдениет және өнер қайраткерлері.

«Гран-при дегенде қатты қуанып жылағым келді. Олар жарайсың деді, ағайым сен жақсы айттың деді. Жеңіп алған бас жүлдемді Қазақстан, қазақ халқына және отбасыма арнаймын», - байқаудың гран-при иегері Айымжан Жалғасбай.