Қазақстанда қашықтан жұмыс істеуге қолайлы қос қала

Қазақстанда қашықтан жұмыс істеуге қолайлы қос қала
Сурет: Rg.ru

Елімізде қашықтан жұмыс істеуге тиімді қалалар - Нұр-Сұлтан мен Алматы 

Аталған мегаполистерде қашықтан жұмыс істеу бойынша ең көп ұсыныстар тіркелген. 2021 жылы Алматыда төрт мыңға жуық, ал Нұр-Сұлтанда үш мыңға жуық жұмыс беруші осындай талаптар бойынша маман іздеген. Олардан кейін Қарағанды, Шымкент және Атырау тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

2021 жылы жұмыс берушілер қашықтан жұмыс істейтіндерге ұсынғысы келген орташа жалақы 156 000 теңге болған.  Дегенмен, елордада ол әлдеқайда жоғары – шамамен 312 мың.  Одан кейінгі жоғары жалақы Алматыда  – 240 мың теңге және Шымкентте – 215 мың теңге.

Өз қызметкерлеріне кеңседен тыс жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынуға дайын компаниялардың жетекші үштігіне мыналар - ақпараттық технологиялар, іскерлік қызметтер және білім беру мекемелері (мемлекеттік емес)  кірді.