Манчестердегі Гран-приге қазақстандық таеквондошылар қатысады

Манчестердегі Гран-приге қазақстандық таеквондошылар  қатысады
Сурет: Inform.kz

Манчестерде таэквондодан Гран-при сериясының үшінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

21-23 қазан аралығында өтетін халықаралық турнирде Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды: Жансел Дениз (67 келі) және Руслан Жапаров (80 келі).

Онда 61 елден 256 спортшы сегіз олимпиадалық салмақ дәрежесі бойынша медаль мен рейтингтік ұпай үшін күреседі.