Мамандар қатты ыстықта далаға шықпауға шақырды

Мамандар қатты ыстықта далаға шықпауға шақырды
Сурет: Pz-news.de

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 30 маусым мен 2 шілде аралығында қатты ыстық сақталады.

Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

Мамандардың айтуынша, Алматы қаласында 30 маусым күні күндіз 33-35 градус қатты ыстық күтіледі.

 «Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді, сондай-ақ:

- ағзаны сусызданудан қорғау үшін көп су, күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу керек;

- аптап ыстықта кез келген дене еңбегінен бас тартыңыз;

- күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабыңыз;

- күн өтпес үшін бас киім, ашық ауа өткізбейтін киім (мақтадан жасалған) киіңіз. Ыстық ауа райында балаларға ерекше назар аударып, сақ болыңыз», – делінген аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, мамандар қазақстандықтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырды.

 «Табиғи өрттердің орын алуының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік құралының сөндіргішінен ұшқыны, құрғақ шөптің жағу, найзағай болып табылады», – дейді мамандар.