МӘМС: әр азаматқа жұмсалатын шығын 56 мыңнан 116 мың теңгеге дейін ұлғайды

МӘМС: әр азаматқа жұмсалатын шығын 56 мыңнан 116 мың теңгеге дейін ұлғайды
Сурат: Zhanaqorgan-tynysy.kz

Қосымша қаржы бөлінді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қазіргі жай-күйі мен МӘМС қаржысы есебінен жеткен нәтижелер жөнінде Медициналық сақтандыру қорының басшысы Айдын Ашуев айтып берді.

«Қаржыландырудың 2 еседен артық өскені арқасында 1 тұрғынға шаққандағы шығын 56 мың теңгеден 116 мың теңгеге дейін ұлғайды, тиісінше халықтың қалта шығыны 6,2%-ға кемуі байқалады.
Бұрын жеткілікті қаржыландырылмаған медициналық көмек түрлеріне қосымша қаржы бөлінді. Жоғарытехнологиялық медициналық қызметті қаржыландыру көлемі 3 есе, медоңалту мен косультативтік-диагностикалық көмек 11 есе ұлғайды», – деп атап өтті МӘМС қорының басқарма басшысы.

Бұл ретте медициналық қызмет көрсететін өнім берушілердің саны едәуір артты, оның ішінде жекеменшік нысанындағы медициналық ұйымдардың үлесі 27%-дан 51%-ға дейін өсті.
Сонымен қатар, Медсақтандыру қорының басшысы өнім берушілермен бірыңғай шарт жасасу және стратегиялық сатып алушы рөлін күшейту үшін ТМККК мен МӘМС қаржылық ағындарын біріктіру қажеттілігі жөнінде мәселе көтерді.