Мәдениет және спорт министрі Владимир Седовтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты пікір білдірді

Мәдениет және спорт министрі Владимир Седовтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты пікір білдірді
Сурет: ашық дереккөз

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 35 жастағы ауыр атлет Владимир Седовтың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Министрлік басшысы даңқты спортшының сіңірген еңбегіне тоқталып, зілтеміршінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты,-деп жазды Tengri Sport.

«Біріншіден, әрине бұл көрнекті спортшы екенін айтқым келеді, соның арқасында еліміздің туы бірнеше рет Олимп шыңына көтерілді.

Қазақстан чемпионаттары мен халықаралық турнирлердегі тамаша нәтиже - бұл біздің ауыр атлетиканың ғана емес, жалпы қазақстандық спорттың тарихында қалары сөзсіз.

Көрнекті спортшының барлық туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қазір құзырлы органдар бұл мәселені тексеріп жатыр. Әрине, бұл үлкен шығын. Біз тағы да көңіл айтамыз. Құзырлы органдардың сараптамасынан кейін толық ақпарат беріледі», - деді министр.

Еске салайық, 27 маусымда танымал қазақстандық ауыратлет Владимир Седов өзіне қол жұмсап қайтыс болғаны белгілі болды.

Владимир Седов – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы, Қазақстан Республикасының төрт дүркін чемпионы, 2010 жылғы Қазақстан чемпионатының рекордсмені. Сәтті өнер көрсеткені үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.