Мәдени байланыстар нығайып келеді

Мәдени байланыстар нығайып келеді
almaty-akshamy.kz

Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов «Барбанг»  күрдтер қауымдастығының Басқарма мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, «Князь Ибрагимович Мирзоев қорының» төрағасы, «Нубар» әдеби-көркем журналының редакция алқасының мүшесі, қоғам қайраткері Рафик Якубович Мирзоевты қабылдады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Қазақ әдебиеті қаламгерлері мен «Барбанг» Қазақстан күрдтерінің қауымдастығының қарым-қатынасын нығайту» бүгінгі кездесудің негізгі мәселесі болды

Бұған дейін, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева ассамблея отырысында күрд аңыз-әңгімелерін, ертегілерін, салт-дәстүрлерін қазақ тіліне аударып, ұлтымызға таныстыру мәселесін көтерген болатын.

Осыған орай, күрд мәдениеті мен әдебиетін, қазақ әдебиетіне таныстырып қана қоймай, берік байланыс орнату  мәселесі қарастырылды. Сонымен қатар, «Барбанг» Қазақстан күрдтерінің қауымдастығы ұлттық әдебиетімізге тек рухани емес, материялдық тұрғыдан да көмектесуді көздейтіндігін жеткізді.

«Бұл Қазақстан Жазушылар одағының өзге де қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатудың бастамасы болмақ» - деді М.Құлкенов.