Литва шекарасы қамалмен қоршалмақ

Литва шекарасы қамалмен қоршалмақ
24 kz

Литвада Беларусьпен арадағы шекарада қоршау тұрғызыла бастады. Бұған көршіліс республикадан ағылған мигранттар нөпірі себеп болған деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Болат дуалдың биіктігі 4 метрге жуықтайды. Ұзындығы 500 шақырымға жететін қамалдың құрылысы келесі жылдың қыркүйегіне қарай аяқталуы тиіс. Жобаға 150 миллионнан астам еуро бөлінген.

Сондай-ақ тікенек сымдар мен бейнебақылау да орнатылады. Айта кетейік, жыл басынан бері Беларусьтан Литваға 4 мыңнан астам босқын келген. Бұған дейін Латвия мен Польша тікенек сым жүргізген болатын.