Күлзипа Тастемірова: Вакциналау - пандемияны жеңудің бірден-бір жолы

Күлзипа Тастемірова:  Вакциналау - пандемияны жеңудің бірден-бір жолы
almaty-akshamy.kz

Қалыпты өмірге қайта оралу көп жағдайда өзімізге байланысты. Қазақ-Ресей медицина университетінің клиникалық фармакология курсының ішкі аурулар кафедрасының ассистенті Күлзипа Тастемірова қазақстандықтар вакцинация туралы түрлі қауесеттерге сенуді қойып, өздері мен отбасы үшін қауіпсіздікті таңдайтынына сенеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz тілшісі.

«Бүгінгі күні көптеген адамдар өздерін ғана емес, сондай-ақ жақындарын қауіпті вирустан және оның зардаптарынан қорғау үшін вакцина алу қажет екенін түсінеді. Ешкім жақындарының  коронавирустың жанама әсерінен зардап шеккенін қаламайды», - дейді маман.

Күлзипа Тастемірова вакциналау – пандемияны жеңудің және вирустың мутация жылдамдығын тежеудің бірден-бір жолы деп санайды.

«Менің айналамдағы барлық адамдар екпе алды: туыстарым, достарым, таныстарым, көршілерім. Олар  қазіргі жағдайдың маңыздылығын және көп нәрсе өзімізге, біздің санамызға байланысты екенін түсінеді », - дейді сарапшы.

Екпе алмас бұрын дәрігермен кеңесу керек. Өйткені екпе алуға болмайтын адамдардың санаты бар.

«Ұжымдық иммунитет қаншалықты тез қалыптасса, соғұрлым біз қалыпты өмірімізге қайта ораламыз», - деп қорытындылады маман.