Құжатсыз алып өтпек болған темекі ірі партиясының жолы кесілді

Құжатсыз алып өтпек болған темекі ірі партиясының жолы кесілді
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қордай» автомобиль өткізу пунктінде құжатсыз алып өтпек болған темекінің ірі партиясының жолын кесті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz аталған органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шекаралық бақылау барысында 9 млн. теңгеден артық сомаға бағаланатын темекінің ірі партиясы анықталған.

Ұсталған жүк тергелуі бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшесіне берілді.