Құтқарушылар тауда жоғалған туристі тапты

Құтқарушылар тауда жоғалған туристі тапты
Inform.kz

13 тамызда түнгі сағат 1.15-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристі іздеуге тауға шықты,

2005 жылы туған жас жігіт 12 тамызда таңертең Көкжайлау шатқалына кетіп, оның телефоны өшірулі болған.

«Құтқарушылар тауда жоғалған адамды түнгі сағат үште тапты. Қатты жауған жаңбыр мен қараңғы түсуіне байланысты турист шатқалдан өздігінен түсе алмаған.С ағат 5.20-да құтқарушылар жасөспірімді туыстарына жеткізді», - деп жазды Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.

ТЖМ құтқарушылары еске салады:

- тауға шықпас бұрын бағытыңызды, ауа райын зерттеңіздер, туыстарыңызға немесе таныстарыңызға өздеріңіздің бағытыңыз және қалаға оралу уақытын айтып кеткен жөн.

Сонымен қатар, міндетті түрде өзіңізбен су өткізбейтін пакетте сіріңке мен зарядталған пауэрбанк алып жүріңіздер