Құтқарушылар Қапшағайда қалған балықшыны жағалауға жеткізді

Құтқарушылар Қапшағайда қалған балықшыны жағалауға жеткізді
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері балықшыны жағаға жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

4 қаңтар күні сағат 15:41-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне 103 кезекші қызметінен 1973 жылы туған ер адамның ауырып қалғаны және оны тасымалдау үшін көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түскен.

«Шақырту орнына Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 техникасы дереу жіберілді. Шақырту орнына келгеннен кейін азаматтың 2023 жылғы 4 қаңтарда таңертең Қапшағай су қоймасына жағадан 1,5 шақырым қашықтыққа балық аулауға шыққаны және азаматтың (гипертониямен ауыратын) ауырып қалғаны анықталды», - деп жазды ведомстводан.

Қонаев қаласының жедел құтқару жасағының күшімен азамат жағаға жеткізіліп, медициналық жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.