Қазақстанда «қант алаяқтары» көбейіп кетті

Қазақстанда «қант алаяқтары» көбейіп кетті
Сурет: Рrofood.kz

Сатушылар қоңырауды WhatsApp арқылы қабылдайды, тек көтерме бағамен алуды ұсынады.

Қант тапшылығы мен бағаның күрт өсуіне байланысты қантты төмен бағамен ұсынатын алаяқтар көбейе түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

- Хабарландыру сайттарында қант сату туралы көптеген жарнама пайда болды. Оның үстіне келісі 250-300 теңгеден екенін айтады. Алаяқтар тіпті келісім жасап, құжат дайындайды. Жіберген өнімнің суретін де көрсетеді, алайда қант клиентке жетпейді, - дейді полиция қызметкерлері.

Полицейлердің айтуынша, қант алаяқтарын анықтау оңай емес. Олар мұқият жасырынады немесе мүлдем басқа елде.