"Күш атасын танымас": Мектеп оқушысы әлем чемпионы атанды

"Күш атасын танымас": Мектеп оқушысы әлем чемпионы атанды
Сурет: Egemen.kz

Швецияда жасөспірімдер арасында армрестлингтен әлем чемпионаты өтті.

Әлемнің бірнеше мемлекетінен кілең мықтылар спортшылар топқа түскен аламанда қазақ баласы Ерсен Станбек әлем чемпионы атағына қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Байрақты бәсекеде ондаған елдің жүздеген жасы сынға түсті. Жаһандық додада бірнеше қарсыласымен күш сынасқан Ерсен Станбек білек күшінің басым екенін айқын көрсетіп, жеңістің биік тұғырынан көріне білді. Он бірінші сыныптың оқушысы алдағы уақытта жеңісті жолын жалғастыру жолында еңбектене бермек.